Баланы тұғаннан құрметтеу керек, оның құқықтарын білу керек, онымен санасу да керек. Сонда ғана өзін бағалайтын, басқаны да құрметтейтін, өзіне сенімді, мықты азамат қалыптасады.
Өмірімізде балаға қатысты орын алған стереотипті дағдылардан тазарайық. Өйткені біз баламызды тек біз үшін ғана емес, әлем үшін жақсы үлес қосатын, сол әлемнен өз орынын таба алатын азаматтар тәрбиелеуді армандаймыз ғой.