kk
Free
Ганс Кристиан Андерсен

Шырпы сатқан қыз

  • Чанмунhas quoted3 years ago
    Қыз тағы да бір шырпы тұтатты, айналасына соның жарығы түскенде, сол сәуленің ішінен өзінің әжесін көрді. Моп-момын, сүп-сүйкімді болып дидарынан айрықша бір ізгілік пен жылылықтың нұры тамып тұр.

    − Әже, – деп қыздың жан даусы шықты, мені өзіңмен бірге ала кет, ала кет! Мен білем: шырпы сөнген кезде, сен ғайып боласын, жып-жылы пеште қуырып пісірген дәмді қаз еті де, керемет үлкен елка да бәрі де ғайып болады!

    Сөйтті де қыз қолындағы қорапшада қалған шырпының бәрін бір уыс қып алды да, түгелімен тұтатып, кәрі әжесін құйттай да болса жібермей тұра тұрмақ болды. Шырпылар бүрк етіп жанып, айналаны дәл күндізгідей жап-жарық етіп жіберді. Кәрі әжесі тірі кезінің өзінде дәл мұндай асқан сұлу, аса айбынды емес еді. Ол кішкентай немересін қолынан жетектеп алды да, жүзінде шаттық нұры ойнап, екеуі қол ұстасып, аштық та, жалаңаштық та, қорқыныш та, үрей де жоқ сонау биік аспанға, тәңірінің мекеніне қарай бірте-бірте көтеріліп, алыс сапарға аттанды.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)