Бұл кітаптың басты кейіпкері — аты айтып тұрғандай мөлдір, сұлу, кіршіксіз — Таңсұлу. Ол өз парызын адал атқару үшін айналасындағы тіршілік атаулыға бар пейілімен жақсылық жасауға, қолынан келген көмегін беруге ұмтылады. Өзгелер оның көмегінен бас тартқанымен, кейін басқа біреу (Бал ара) арқылы жалынышты түрде қабылдап, алғыс айтуға мәжбүр болады.