bookmate game
kk
Free
Нұржамал Алдабек

Қытай тарихы (Ежелгі және орта ғасырлар кезеңі)

  • Алия Мырзашhas quoted8 years ago
    І ТАРАУ. ҚЫТАЙДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ
    1. Б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтағы Қытай
    Қытай тарихы бес мың жылдан астам бұрынғы уақыттан басталатын тұңғиық ғасырлар тереңінен бастау алады. Қытайдың өткен ежелгі тарихын оқып үйренуде, тас ғасырынан металл ғасырына өту процесі туралы және оның жерінде алғашқы ертемемлекеттік құрылымдардың - ежелгі Қытай цивилизациясының қалыптасуының ұзақ та күрделі жолдарының алғашқы қадамдары туралы мәліметтерді біз бүгінгі қолда бар деректер – көне Қытай жерінен табылған материалдық мәдениет ескерткіштеріне қарап дәлелдей аламыз.
    Палеолит дәуірі.Ең алғашқы адам палеолит дәуірінде Хуанхэ өзені аңғарында пайда болған, оны 1921 жылы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде ғалымдар Пекин маңындағы Чжоукоудяннан тапты. Пекин адамы аталып кеткен бұл алғашқы адам -синантроп осыдан 500 мың жыл бұрын пайда болған екен. Қытай ғалымдарының жүргізген бұдан кейінгі қазба жұмыстары да синантроптың басқа үлгілерін Шаньси провинциясы маңынан табады. 1960 жылғы табылған синантроп Пекин адамынан да бұрын өмір сүрген, ал 1954 жылғы қазып алынған Динцунь адамы кейінірек, яғни 200-150 мың жыл бұрын өмір сүрген деген болжам айтады. Бұл - алғашқы адамдар отты пайдалана білген сияқты және аңшылық және терімшілікпен, балық аулаумен күн көрген болуы керек.
    Оңтүстік Қытай жерінде төменгі палеолит дәуіріне жататын, бойы қазіргі адамдардан үш-алты есе биік болған питекантроптың өмір сүргендігі туралы гипотеза да бар. Оның шығуына Гонконгтағы дәрі–дәрмек жасаумен айналысатын көнекөз емшінің қолында сақтаулы алып адам тәріздес мақұлықтың тісі себеп болған. Ежелгі қытай емшілік дәстүрі бойынша ең көне тіс сүйектерін, «айдаһардың тістері» деп қасиет тұтып сақтап, оны емшілікте пайдаланған. Бұл болжамдар 1956 және 1957 жылдары Гуансиде жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде толық дәлелденді деуге болады. 1956 жылы Гуансиден табылған «Алып адам бір кездері Ява аралынан табылған осындай тектес мегантропқа өте ұқсас екендігі анықталған, бұдан шығатын қорытынды – Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияның өте ертеден бергі тығыз туыстық байланыстарының барлығын көрсетеді.
  • b5543307391has quoted3 years ago
    оқыған. VШ ғ. таң императоры Ли Лунцзи тұсында сарай жанынан конфуциандық ғалымдардың жоғарғы жиналысы құрылып, оны Ханьлинь академиясы
  • b5543307391has quoted3 years ago
    Лю Чжизидің 710 жылы жазған «Шитуң» - Тарихқа кіріспе – атты еңбегі жарық көрді.
  • b5543307391has quoted3 years ago
    Астрономия ғылымының дамуына ҮШ ғ. буддалық монах И Хан елеулі үлес қосты. Медицина мен алхимия дамыды. Қытай алхимиктері жасанды жолмен алтын жасауға дейін талпынып көрді,
  • b5543307391has quoted3 years ago
    ІІ ғ. басында Хэбэй мен Шаньдунде салынған ұзындығы . созылған 37 метрлік тас көпірлерді айтуға болады.
  • b5543307391has quoted3 years ago
    и Чуньфэн ҮІІ ғ. аяғында күнтізбелік есептеуді нақтылап, математикалық қағидаларға түсініктемелер жазды.
  • Диана Қаржаубаеваhas quoted3 years ago
    Батыс Цзинь (265-316жж.) деп
  • Диана Қаржаубаеваhas quoted3 years ago
    ғасырда үш дербес мемлекет - Вэй, Шу және У
  • Диана Қаржаубаеваhas quoted3 years ago
    аспаннан көгірек нәрсе өлі, оның орнына сары аспан пайда болуы керек» д
  • Диана Қаржаубаеваhas quoted3 years ago
    Оқымыстылар» (шэньши) деп аталатын қоғамд
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)