bookmate game
kk
Free

Оралхан Бокей. Биздін жакта кыс узак

  • b8610316116has quoted2 years ago
    Өмірдің қандай қиын-қыстау кездері,

    қандай ауыр минуттары басқа түссе де,

    менің жүрегім: "Жасай бер, адам!"—

    деген гимнді шырқаудан танған емес»

    (М. Горький.)
  • ahat Mirahas quoted4 years ago
    «Өмірдің қандай қиын-қыстау кездері,
    қандай ауыр минуттары басқа түссе де,
    менің жүрегім: "Жасай бер, адам!"—
    деген гимнді шырқаудан танған емес»
    (М. Горький.)
  • ahat Mirahas quoted4 years ago
    Биыл қыс жұмсақ, басталды да, арты толассыз жауған қарға ұласты
  • ahat Mirahas quoted4 years ago
    пенденің өзі өлгенмен жаны өлмей, құс секілді әлемді шарлап ұшып жүреді деп;
  • ahat Mirahas quoted4 years ago
    кіндік қаны тамған туған жер,
  • ahat Mirahas quoted4 years ago
    күн алтын ұясына қона,
  • Гауһар Қиясбекhas quoted5 years ago
    жылқының жусағанындай, бейбіт те берекелі өмір орнатар ма
  • Milaia Feiahas quoted5 years ago
    жылқының жусағанындай
  • Эльвира Мұстахhas quoted7 years ago
    Ι. САЙТАН КӨПІР
    «Өмірдің қандай қиын-қыстау кездері,
    қандай ауыр минуттары басқа түссе де,
    менің жүрегім: "Жасай бер, адам!"—
    деген гимнді шырқаудан танған емес»
    (М. Горький.)
    Айқай-жаңғырық.
    Айқай жаңғырыққа тең. Ал жаңғырықтан біздер, біздің іс-әрекетіміз, ой-мақсатымыз, тіпті бүкіл дүние, күллі адамзаттың барлық, тіршілігі, өмірінің мән-мағынасы жаратылғандай. Жұмыр жердің бетін төрт миллиардтан астам адамның аяғы таптап, дүниені өз айқайларымен күңірентіп жүр. Тек жердің сатындағыларда үн жоқ. Егер құдайдың құдіретімен сол өлілер қайтып оралса, бұл жалғаннан үн-түнсіз, жым-жырт өтуді тірілерге үйретер ме еді, қайтер еді... бір-біріне қатты сөз айтпай, бірінің тыныштығын екіншісі бұзбай, жылқының жусағанындай, бейбіт те берекелі өмір орнатар ма еді, қайтер еді; егер аруақтар зәуде қайтып оралса... (шіркін-ай, қайтып оралса) дүниедегі сансыз сұмдықтың бет пердесі ашылып, біздер ұяттың отына өртеніп кетер едік-ау... Амал қайсы, олар ешқашан да, ешқашан да қайтып келмейді. Сондықтан да кеңірдегіміз жыртылғанша айқайлайық! Өйткені айқайсыз дүние тұл.
    Айқайлау дегеніміз — өмір сүру.
    Әлі есімде: Өзімнің бала кезімде болар, ауыл іргесінен суыртпақтама басталып, қалың орманға сіңіп кетер жалғыз аяқ жолмен іңір сапарына шығатынмын. Сонда: күн алтын ұясына қона, осылып-осылып жатқан тау аңғарын дүр сілкіндіріп аса қатты жаңғырық жарып өтетін; ол кезде әлгі жаңғырықты— Күн мен Түн екі арасындағы бейуақ сәттің тым келте кесілетін хабаршы үні деп ойлаушы едім; мынау жұмыр жердегі тіршілік атаулының осына айдай әлемге ие екеніне куәлік іспеттес, көрсеткен сесі шығар деп ойлаушы едім; немесе кіндік қаны тамған туған жер, өскен елге арнап, ардақты ұлының еркелеп айтар әніне жорушы едім; немесе мал қайырған тау қазағының құрып кетпей есен-сау жер басып жүргенін дүние-көкке паш етер ең алғашқы әрі ең ақырғы айқайы шығар-ау деп, сүйсінуші едім; кешкі жаңғырық ызыңдап барып тарап кеткен соң, махшар сәтіндей — жұмбақты сәт, бірсін-бірсін ұйыды да, қызыл күрең тау, сары ала орман-тоғай мақпал түннің құмарпаз құшағында тұншығатын; күн ұясына қонған намаздыгер намаз шам арасында тек асқар Алтайдың құзар шынында ғана әлгі сәтте көз жұмған Күннің алтын алауы көпке дейін тарқамай, ал батыс көкжиек жалғызынан айрылған Жер-ананың жылай-жылай қанталап кеткен жанары сықылданатын; анау қарабарқынданып жатқан жер жарықтық қисапсыз үміт-мақсатын, бақыты мен байлығын қапияда тонатып алғандай, соншалықты, аянышты кейіпте сыңсып, жоқтау айтқандай қасіретті сезілуші еді.
    Әлі есімде: ирелеңдеген көрбілте жол орманға кіре бергенде екіге айрылып, бір саласы шұғыл оңға бұрылатын. Оңға бұрылатын соқпаққа түссеңіз, тұп-тұра өлілер мекені — қалың қорым бейітке жетелеп алып баратынды. Сонда, өзім де сезіп, біле бермейтін белгісіз бір тылсым күш қолымнан тартып, сол төңкерілген астаудай, ит жынданып жатқан молаларға қарай ымдап шақырып, құлағыма әлденені сыбырлап жүр-жүрлейтін. (Ауыл шетіндегі аруақтар патшалығына ат басын бұрғандарыңыз бар ма? Жоқ... бекер жасайсыздар, түптің-түбінде мекен-жайыңызға айналар ордаға оқта-текте тәуәп етіп, тәубаға келіп тұрғанның артығы жоқ). Ал өзім болсам: таудан аққан бұлақтай бұлқынған жүрегімнің дүрсілі құлағыма естіліп, кеудемде мың-миллион құлын құлдырай шауып барады-ай; буын-буыным жаңа аяқтанған ботақанның тірсегіндей қалтырап, тәй-тәй басып жақындағанымда... жақындағанымда, тәңірім-ау, бір-бірімен сыбырласқан, бәлкім, сырласқан сансыз үнді естіп едім-ау, иә-иә, естігенмін. Аруақтар күбір-күбір әңгіме шертіп жатқан. Үлкендер, яғни ақсақалдар айтушы еді: пенденің өзі өлгенмен жаны өлмей, құс секілді әлемді шарлап ұшып жүреді деп; моладан шыққан сиқырлы сыбыр, сол әуелеп ұшып жүрген құс жанның ымырт жабыла өз ұясына оралып, күні бойына жер бетінен — тіршіліктен не көріп, не естіп білгендерін әңгімелеп айтқандай еді. Сонда... сол молалардың ең шетінде басына қайық құрықтан сайғақ шаншыған шағын ғана төмпешік жатушы еді. Басқа мүрдеханалардан ерекшелігі де сол — сырты қоршалмай, жермен, жер басып, тірі жүргендер мен өлілер арасындағы хабаршыдай емін-еркінтін. Сонда... әлгі, аспанды нұсқаған құрық саусағы бар төмпешікті орындық, қып, міз бақпай жалап бас жайғасқан адам— қара санынан төменгі жағы өзі отырған қара жердің астында жатқан адам — қарсы алдында делдиіп тұрған баланы — мені көзіне де ілмей, помосе көрмей, батқан күнге жүз беріп, жаназа оқығандай әлденені күбірлеп, тас құдайдай қасқаятын жарықтық. Сонда... құлағыма еміс-еміс естілгені: «Мен кісінің басынан емес, аяғынан қорқамын».
    Ал біз ше?..— ештеңеден де...
    Жер мен көкті дір еткізген АЙҚАЙ тағы да естілді. Бірақ Тасқұдай қозғалған жоқ.
    1
    Айқай, дүние-ай!..
    Биыл қыс жұмсақ, басталды да, арты толассыз жауған қарға ұласты. Әсіресе жаңа жылдың алдындағы үш күн, үш түнде бас көтертпей жауған қар, сол шаш етектен жауған қарға меңдеген ел мен жер — ұлы тыныштықтың құшағына тұншығып, мәңгілікке бой суытқандай — жым-жырт. Осындайда кісінің бойын бойкүйездік билеп, ес-ақылдан айрылып, басыңды тұмшалап алып ұйықтай бергің келеді. Далаға шықсаң болды, өз-өзіңнен жиіркеніп, үйіңе қайта кіруге асығар едің.
    Тау қойнауында отырған ауылдың қазіргі кеспірі албасты басқандай, аянышты-ақ еді. Күні кеше ғана сап түзеп тұрған ағаш үйлер ақ ұлпаның астында қалған. Сол үйілген мақтадай томпайып-томпайып жатқан үйлердің төбесінен жұлындай болып түтін көтеріледі, көтеріле беріп мың-миллион қар-көбелектер қаптаған бозамық аспанға сіңіп жоқ болады. Қыбыр еткен жан көрінбейді. Батыс қайсы, шығыс қайсы айырып болмайтын дөңгеленген беймәлім тіршіліктің ортасында қалың сарбазынан айрылып, ұрыс даласында жалғыз қалған қолбасшыдай, делдиіп тұрған Аман (бөлімше басқарушысы) — аспанға қарап есінеді де: «Осының арты боранға ұласпасын»,— деп күбірледі. Кірпігіне ілінген қарды үрлеп ұшырып жіберді. Үсті-басын қаққылай үйге қайта кіргенде, әкесі де басын көтеріп, төсегінде шошайып отыр екен. Басқа қыбыр етіп тұрған адам көрінбейді. Даладағы тыныштықтың үйіне де ұялап, жындандырып жіберер қаперсіздік жүйкесін созғылай бастаған соң шыдамады білем, әйеліне:— Қара басты ма, тұрсай!— деп жекіріп қалып еді, өз бөлмесінде терезеден тысқа қарап отырған әкесі тыржың етті — құлқын сәріден апшысы қуырылып, құдайдың құбылмалы күніне бола, әйеліне ақырған ұлының мінезін жақтырмағаны. Аядай үйді басына көтеріп, салдыр-гүлдір теңселіп жүрген Аманға енді бұл дауыстаған.
    — Әй, Аман, бері келші,— деді. Арғы бөлмеден аттап-бұттап жеткен, жігіт ағасы болып қалған қара бұжыр жігіт, «Е, не айтайын деп едің»,— деген сыңайда, ләм деместен әкесіне бағына қарады.
    — Отыр,—деп, аяқ жағын нұсқады Аспан шал. Шал деуге келмейтін қара мұртты, үлкен ала көзді шомбал кісінің қызыл шырайлы бетінде жалғыз сызың жоқ. Темір төсекті селк, еткізіп, сықырлата отырған баласына тесіле қарап, аз-кем үнсіз отырды. Содан соң:— Бала-шағаңды бидайдай қуыратындай не көрінді саған. Оразаңды ашпай тұрып, одыраңдайсың кеп. Бар, пешке от жақ, ермек таба алмай ерігіп жүрсең,— деп зікір салып еді, анау қарсы жауап қайырмады. Қалбалақтай орнынан қайта тұрып, ауызғы бөлмеге шыға жөнелді. Басы төбеге тиген еңгезердей ұлының жас балаша жаутаңдап, пештің күлін алып, от тамызған тіл алғыштығы Аспанды риза көңілге бөледі. Қырыққа келген, бес баланың әкесі атанған, жаман-жақсы болса да бір ауылдың бастығы — Аманды, көзімді ашып көргенім, аузымды ашып сүйгенім, жар дегендегі жалғызым демей, күні бүгінге дейін бір шыбықпен айдап жұмсайтын қаттылығы қанына сіңді әдеті емес, өзімсінген әкелік еркелігі еді.
    Сол... төсекте отырған қалпы, жастығының астынан сипалап темекі тауып алды. Қағаз қораптың жартысы босап, жартысын бүктеген «Приманың» бірін суырып, әбден тозған тістей-тістей кеміктеген мундуштукке тықты. Сіріңке іздеп еді, таппады. Күнде осылай. Өз сіріңкелерін әрқайсысы бір ұстап көрінген жерге тастап жоғалтады да, кезек-кезек келіп аталарінікіне жармасады. Олардың осы бір қырсыздықтарынан әбден зәтте болған Аспан шал най тұтататын шақпағын төсегінің іргесіне сүңгітіп-ақ жіберуші еді. Міне, сипалап-сипалап таба алмаған соң, тағы да шаптыға шаңқ етті.
    — Әй, Аман, бармысың?— Ас бөлмеден «бармын» деген ұлының үні естілді.
    — Бар болсаң сіріңкемді әкеліп бер.— Әкесінен сөз естіп қалмаудың қамымен елбек қағып, қорапты қолына ұстата берді.— Әлгі ұлдар ғой алып кеткен.
    — Осы үйді өртеп жіберсе де дүкеннен бір жәшігін әкеліп
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)