- Уа, Бабай!
Ел-жұрттың халі қалай?!
- Е-е, балам-ай!
Ел – аман, жұрт – тыныш демесе:
Әйел – ерге қарады, ер – жерге қарады;
Қартымыз – қақбас, қатынымыз – қақпыш;
Шешеніміз – шерменде, батырымыз – қорқақ;
Данамыз – бала, баламыз – шала;
Әйел – арыды, келін – жеріді;
Бозбала – сайтан, бойжеткен – сайқал;
Азамат – елсіз, арғымақ – жалсыз;
Сері – селтең, сал – мелтең;
Көршіміз – кәпір, туысымыз – мүсәпір;
Жауымыз – атарман, досымыз – сатарман;
Тұлпарымыз – жабы, сұңқарымыз – жапалақ;
Өнеріміз – молақ, өнерпазымыз –олақ;
Дініміз – шала, тіліміз – шұбар;
Еліміз – азды; жеріміз – тозды;
Бүгініміз – тұман, ертеңіміз – мұнар,
Сенеріміз – жоқ, секеміміз –көп;
Жан шыққан жоқ, үміт өлген жоқ –
Өмір осылай өтіп жатыр!»