kk

Дүкенбай Досжан

Дүкенбай Досжан (1942 жылы 9 қыркүйекте Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы — 15 қыркүйек 2013, Астана) — жазушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.

Quotes

b1943962999has quoted2 years ago
Былтыр мінәжәт қып Мекеге барып қайтқалы әкемнің аруағы сыбырлап құлағымнан еш кетпейді... жұртты жылатпа!..– ішірткі жазып бер!... қарап отырма!...» деген үні түнемесі күңгірлеп көз ілмеймін. Ауылдағы ұлымның қоймасын күзетіп жан бағып жүре беретін жөнім бар... әкемнің әлгі даусы еш тыншытпайды-ау... еш тыншытпайды...» деп қопарыла күрсініп қос қолымен басын ұст
b1943962999has quoted2 years ago
екен. Дөңбекшітіп қойған неғылған аруақ деп ойлап, сыпайылап бірер сауал қойдым. Терезе жақтауына қос кептер қонып күркілдесін кеп. «Шырағым, қазір не көп – ел арасынан шыққан көріпкел, бақсы, тәуіп, палшы, тамыршы, әулие көп. Дәу де болса соның бірі деп өнеріме иланбай отырсың. Әлгі бастығың айтқан соң амалсыздың күнінен жазасың, әйтсе де жазғаның еш жерге басылмайды... жабулы қазан жабулы күйінше қалады...». Ойымның үстінен дөп түскен соң ба нарт қызарып кеттім, қарсыдағы айнадан көрдім, арқабасым және жыбыршыды. «Неге олай дейсіз! Әулиелікті әлгі өзіңіз айтқандай өнер деп тұтсаңыз – жазармын, қаламымнан туған нәрсе жерде қалмайды». «Пәлі, шырағым, сенбейсің, сенбей жазылған нәрсе еш жерге өтпейді, дегенімен менің налам кісіні құр жібермейді. Соңыма шам алып түскен Бас Бух қоймадан аударып кілтін алмақ түгілі өзі үш жылға сотталып кетті. Жолыма көсе
b1943962999has quoted2 years ago
көлденең тұрған Халық медицинасы орталығының Бас дәрігері іштүйнек боп кешкісін ауруханаға түсті.. әлгі болмашыны сылтауратып жоғалған бастығың... көр де тұр... әкімшілікке емес, ойнас келіншегіне кетті».
Мынаның сөз саптауы етімнен өтіп, сүйегіме жетіп, біртүрлі жайсыз қобалжыта бергені, жүрегім алқынып алқымыма кептелетіндей. «Әулие-еке, жүрінізші, бөлмеге барайық, ақ құманға шай қояйын... мен де іш қоймамды ашайын, сіз де ағынан жарылыңыз жарықтығым».
Қопарыла қозғалып, соңыма ілесіп көп бөлменің есігін жапқаны сол – тұла бойым суынып жүре берді, бұрын әулие, әмбиеге онша сене бермейтін басым, қолым қалтырап шәйнекті электр жүйесіне қоса алсамшы. Қонағым шешінді, шегеге қалпағын ілді, шәйнекті өзі қойды, көлдей ақ орамалын үстел шетіне дастарқан етіп жайып қалтасынан кепкен өрік, мейіз төкті. «Сырымды өлсем де ашпаймын», – деді. «Ау, жазу үшін мінез қатпарын козғау
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)