тұрған әке-шешесі тағы бар: оларды тастау оңай болып па? "Теңі келсе тегін бер" дегенге көне қоятын қазақ па? Өйтпек тұрсын, "Қамар" деп аузынан шығарса-ақ айып салып, бірдеңесін өлтіргеннен жаман тергеуге алатын жайы бар. Міне, бұған Қамардың көзі жеткені секілді, Ахметтің де көзі жетіп, "әйтеуір түпкілікті бола алмайтынымыз ақ, олай болғанда нақақ біреуді қаралауда қанша пайда деп, олай-былай құмартып құрыстап келгенмен, ақылға жеңдіріп тоқтала беруші еді.
Жалғасы
Мадина Тулегенhas quoted2 years ago
Ғибрат ал мен сорлыдан, қазақ қызы! Түйрейтін мал менен шал - саған бізі. Оңбайды бұл әдетпен қазақ халқы,
Ақын әйел теңсіздігіне қарсылығын кейіпкер сөзі арқылы жеткізуде
Alikhanhas quoted2 years ago
ойы онға, ақылы алтыға бөлініп
b7273399941has quoted2 years ago
Ол рас, менің жоқ қой басар тауым, Нәрсенің көз алдымда бәрі жауым. Жалғыз-ақ тиыш жерім - қараңғы көр, Сонда барып жатамын, бар ма дауың?